20.10.2022

Конгрестің 2-ші күнінің қорытындысы

«Ашық қоғамға – ашық Архив» атты архившілердің Конгресінің екінші күні диспут-сессиялар өткізіліп, өзекті мәселелер талқыланды. Халықаралық Архивтер Кеңесінің атқарушы директоры Карлос Васкездің форум қатысушыларымен кездесуі болды. Кездесуде Халықаралық Архивтер кеңесімен ынтымақтастығы мен әріптестігінің перспективалары мен мәселелері талқыланды. Диспут-сессиялар жалғасын тауып, Екінші күні де диспут-сессиялар ҚР Президент Архивінде өз ретімен жалғасты. Кореяның Ұлттық архивінің Саясат және жоспарлау бөлімінің архившісі Сон Хун Кю «Корея Ұлттық архивіндегі іс жүргізуді стандарттау саясаты» тақырыбында, ЮНЕСКО-ның Алматыдағы Кластерлік бюросының байланыс және ақпараттандыру бөлімінің басшысы Сергей Карпов және Халықаралық Архивтер Кеңесінің атқарушы директоры Карлос Васкез баяндама жасады.

Бақыт Нұрпейісова (Қазақстан), Чжанга (Қытай), Игорь Ромашкин (Ресей), Шахноза Абдурахимова (Өзбекстан), Угур Унал (Түркия) сынды мамандар дәрістер оқыды. Сонымен қатар Орталық мемлекеттік архивіне, Ғылыми-техникалық құжаттар Орталық мемлекеттік архиві, Кинофотоқұжаттар және аудио дыбыстар Орталық мемлекеттік архиві мемлекеттік архивтеріне арнайы экскурсиялар ұйымдастырылып. Орталық мемлекеттік архивіндегі алаңда Заманауи архив: теориялық және практикалық міндеттер» тақырыбындағы диспут-сессияда Гданьск қаласындағы (Польша) Екінші дүниежүзілік соғыс музейінің бас ғылыми қызметкері, PhD докторы Дмитрий Панто және «Өзархив» (Өзбекстан) өкілі Ділдора Кучарова баяндама жасады.