03.10.2024
Халықаралық диалог пен құқық жүйесіндегі мұра институттары
Конгресс бағдарламасына сай «Халықаралық диалог пен құқық жүйесіндегі мұра институттары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелдің модераторы тарихшы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Е.А. Әбіл және ҚР Материалдық емес мәдени мұра жөніндегі ұлттық комитеті төрағасының орынбасары Р.Р. Музафаров. Дөңгелек үстелде Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының Республикалық археография орталығының директоры М.Х. Әбусеитова, Польша Ұлттық жады институтының аға архив сақтаушысы С.Коллер, ҚазҰПУ Digital history зертханасының меңгерушісі Б.О. Жангуттин, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Халықаралық құқық кафедрасының профессоры Ш.В. Тлепина,
ҚР Президенті Архиві ХХ ғасырдағы саяси қуғын-сүргін материалдарын зерделеу орталығының басшысы Г.Р. Нұрымбетова, Лувен Католиктік университетінің профессоры (Бельгия) А. Велемено, Қазіргі және Тарихи қоғамдардағы өзгерістерді талдау институтының (IACCHOS) ғылыми қызметкері Т. Сирбу баяндама оқыды. Баяндамаларда архив ісі және құқық саласында халықаралық диалог құрудың маңыздылығы атап өтілді. Сала мамандарының ынтымақтастығы архив артефактілерінің сақталу сапасын арттыруға және тарихи зерттеулердің дереккөздік базасын кеңейтуге мүмкіндік береді. Орталық Азия елдерінің ғалымдары мен архившілерінің бірлескен жарияланымдары қажет. Мұндай жұмыс ақпарат алмасудың жоғары деңгейін қамтамасыз етеді.