07.06.2024

Халықаралық архивтер күнінің қарсаңында

Бүгін 9 маусым – Халықаралық архивтер күнінің қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің Архивінде «Archival brunch» өткізіліп, архив ұжымы кәсіби саладағы өзекті мәселелерді талқылады. Қатысушылар 5 топқа бөлініп, «SMART» технологиясын енгізуге қатысты идеяларын ұсынды, «ақылды сақтау», «ақылды пайдалану», «ақылды жинақтау», «Smart Архив» туралы ойларын айтты.

Сонымен қатар «машиналық көруді» пайдалану, жасанды интеллект (artificial intelligence) арқылы жұмыс процесін автоматтандыру, блокчейн жүйелері және өзге де озық IT-технологияларды енгізу мәселелері қозғалды. Халықаралық архивтер қауымдастығы биылғы архив апталығының тақырыбын (#IAW2024) #КиберАрхивтер\#Cyberarchives деп таңдағанын айта кету керек. Барша әріптестерімізді келе жатқан кәсіби мерекемен құттықтай отырып, тарихты сақтаудағы еңбектеріңізге табыс тілейміз.