10.10.2022

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АРХИВШІЛЕР КОНГРЕСІ

2022 жылғы 19-21 қазан аралығында Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві Халықаралық архивтер кеңесінің аясында, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі, Сыртқы істер министрлігі және Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен Алматы қаласында отандық және шетелдік архив саласы мамандарының, ғалымдардың қатысуымен архив ісін дамытудың нақты қадамдары, түбегейлі өзгерістері мен жүйелі бағыттары талқыға салынатын «Ашық қоғамға – ашық Архив» тақырыбындағы архившілердің халықаралық бірінші Конгресін өткізеді.

Конгресс бағдарламасында тарихи-құжаттық мұраны сақтаудың өзекті мәселелері талқыланатын тұрақты халықаралық сұхбат алаңын құру мақсатында ЖОО, архив және ғылыми мекемелерде әртүрлі шаралар ұйымдастырылады. Конгресс Халықаралық архивтер кеңесінің (ЮНЕСКО құрамындағы архив саласының халықаралық ұйымы) қолдауымен және сонымен бірлестікте ТМД елдерінде алғаш рет ұйымдастырылып отырған маңызды шара. Конгреске спикерлер ретінде отандық архившілер мен зиялы қауым өкілдерімен қатар АҚШ, ЕО, Азия және ТМД-ның 14 елінен жетекші ғалымдар мен архив ісінің сарапшы мамандары қатысады. Шара туралы толық ақпарат Архивтің сайтында (http://archive.president.kz) орналастырылады.