27.06.2023
Іс жүргізу және құжаттарды архивте сақталуы бойынша семинар өтті
2023 жылы 27 маусымда Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві қоғамдық ұйымдарға арналған іс жүргізу және құжаттарды архивте сақталуы тақырыбында семинар өтті. Семинарға «Нұрсұлтан Назарбаев Қоры» ЖҚ, «Нұрсұлтан Назарбаев Қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институты» КҚ, «Возрождение» Қазақстан немістерінің бірлестігі» ҚҚ қоғамдық ұйымдарының архивке жауапты мамандары қатысты. Семинардың ашылуын ҚазақстанРеспубликасы Президентінің Архиві директорының орынбасары Б.Қ. Жұмабеков ашты.
Алғашқы лекцияны Архив қорын қалыптастыру қызметінің жетекші сарапшысы – А.А. Ермағамбетова құжаттарды жасауға және ресімдеуге қойылатын негізгі талаптар және құжаттарды іске қалыптастыру, оларды құрылымдық бөлімшелерден ведомстволық архивке беру туралы айтып өтті. Сонымен қатар Архив қорын қалыптастыру қызметінің сарапшысы – Г.Ө. Құдайбергенова өз сөзінде құжаттау негіздері: істер номенклатурасын жасау, құжаттардың құндылығын сараптау принциптері мен критерийлері туралы түсінік берді. Семинар барысында қатысушылар өз сұрақтарына қанағаттанарлық жауаптарын алды.