28.06.2024

Іс жүргізу мен архив ісі бойынша семинар өтті

Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві жинақтау көздері ұйымдарымен құжаттарды құжаттауды және ведомстволық сақтауды дамыту жөніндегі бірлескен іс-шаралар жоспарына сәйкес а.ж. 28 маусымында «Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі» ММ орталық аппараты мен өңірлік департаменттерінің (бейнеконференцбайланыс арқылы) қызметкерлері үшін іс жүргізу және архив бойынша семинар-тренинг ұйымдастырды. Семинар-тренингті Қазақстан Республикасы Президенті Архиві директорының орынбасары Р. Кәрібжанова мен Стратегия және жедел басқару департаментінің директорының орынбасары Т. Тұрдыбеков алғы сөзбен ашты.

Тренинг іскерлік, сындарлы форматта өтті, баяндамалар мемлекеттік органдардың жұмыс тәжірибесінен алынған нақты мысалдармен толықтырылды. Қатысушылар жаңа цифрлық ортада тиімді мемлекеттік басқару мәселелерін талқылап, басқаруды құжаттамалық қамтамасыз етуді жетілдіру қажеттілігі туралы әңгімелесті, ұйым архивінде құжаттарды сақтаудың заманауи талаптарын ұсынды, құжаттардың құндылығына сараптама жүргізу тәртібімен танысты.