03.10.2024

«Институализация және архивтерді тиімді басқару» дөңгелек үстелі

Конгресс бағдарламасына сай «Институализация және архивтерді тиімді басқару» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелдің модераторы ҚР Президенті Архиві директорының орынбасары Р.С. Кәрібжанова. Дөңгелек үстелде ҚР Ұлттық архивінің директоры С.Е. Нұрланова, ҚР Президенті Архиві директорының орынбасары Р.С. Кәрібжанова, Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің мемлекеттік саясат және нормативтік-құқықтық реттеу басқармасының басшысы С.Н. Тащанова, Солтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік архивінің директоры С.З. Маликова, Рудный қаласының мемлекеттік архивінің директоры Е.И. Селянина.

Дөңгелек үстелге қатысушылар архив ұйымдарындағы стратегиялық менеджмент мәселелерін талқылап, қазіргі жағдайда қоғамды ақпараттандыру бойынша трансформациялау тәжірибесімен бөлісті, архив мамандарын жігерлендіру жолдарын және архив қауымдастығындағы кәсіби этиканы да қарастырды. Одан өзге, уәкілетті орган шетелдік әріптестердің тәжірибесін зерделеу төңірегінде халықаралық ынтымақтастық орнату нәтижелері туралы хабардар етті.