27.10.2022

Электрондық құжат айналымы және электрондық құжаттарды архивтік сақтау мәселелері бойынша семинар

Қазақстан Республикасы Президентінің Архивінің 2022 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 27 қазанында «Электрондық құжат айналымы және электрондық құжаттарды архивтік сақтау саласындағы нормативтік-құқықтық актілер», «Е-Архив» ақпараттық жүйесін енгізу» тақырыптары бойынша оқыту семинары өткізілді. Семинарға ағымдағы жылы «Е-Архив» ақпараттық жүйесіне қосылған Архивтің 16 жинақтау көзі - мемлекеттік органның ведомстволық архив және іс жүргізу қызметтерінің қызметкерлері қатысты. Қатысушылар саны 50 адамға жетті. Іс-шара ҚР Президенті Архиві директорының орынбасары Б. Қ. Жұмабековтың және ҚР Президенті Архивінің электрондық архивтерді цифрландыру және дамыту қызметінің басшысы Қ. М. Қабарованың құттықтау сөздерімен басталды. Электрондық құжат айналымы және электрондық құжаттарды архивтік сақтау саласындағы, атап айтқанда, электрондық құжат айналымы және электрондық цифрлық қолтаңба туралы ұғымдар, электрондық істерді қалыптастыру тәртібі, электрондық құжаттар мен электрондық істерді сақтау мерзімдерін айқындау, электрондық құжаттар мен электрондық істерді сақтауға қойылатын талаптар жөніндегі мәселелерге қатысты нормативтік-құқықтық актілер бойынша ҚР Президенті Архивінің электрондық архивтерді цифрландыру және дамыту қызметінің сарапшысы А.И. Шорманова түсіндірме берген.

«Е-Архив» ақпараттық жүйесін енгізу» тақырыбы бойынша ҚР Президенті Архивінің электрондық архивтерді цифрландыру және дамыту қызметінің аға сарапшысы А. Т. Шамағанова сөз сөйледі, ол жүйенің негізгі мақсаттары (құру, орнату мақсаттары), ЭҚАБЖ АЖ-дан электрондық құжаттарды «Е-Архив» АЖ-ға жіберу, жүйе модульдерін пысықтау (даму жоспарына сәйкес), Е-Архив жүйесінде жұмыс істеу жөніндегі талаптар бойынша мәселелерді егжей-тегжейлі ашты. Семинар соңында тыңдаушылар сұрақтар қойып, оларға жауаптар мен түсініктемелер алды.