20.09.2023

Ежелгі Самарқан тарих сақшыларын қарсы алды

20 қыркүйекте Самарқандта ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің мемлекеттік архив қызметі басшыларының консультативтік кеңесінің 19-шы отырысы өтті. Жиынға Қазақстан, Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстанның архив ведомстволарының басшылары қатысты. Отырыс «Архивтер және электронды құжаттар: заман талаптары» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы аясында өтті, ұйымдастырушылары Өзбекстан Республикасының Әділет Министрлігі жанындағы «Узархив» агенттігі және Ресей Федерациясының Федералды архив агенттігі жанындағы ВНИИДАД болды. Консультативтік кеңестің отырысында Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің директоры атынан жас архившілердің Халықаралық жазғы мектебінің қызметі туралы Цифрландыру және электрондық архивтерді дамыту қызметінің аға сарапшысы А.И. Шорманова «Электрондық архив жүйелерін іске асыру бойынша жобаларды басқару: әдістер мен ұсыныстар» тақырыбында баяндама жасады.

Оз сөзінде ол жыл сайынғы білім беру форумын құру идеясы алғаш рет 2016 жылы ҚР Президенті Архиві мен Ресей мемлекеттік гуманитарлық университеті арасындағы әріптестік туралы келісім кезінде айтылғанын атап өтті. Жас архившілердің жазғы мектебі өткен алты жылда оған Қазақстан, Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Қытай, Қырғызстан, Моңғолия, Біріккен Араб Әмірліктері, Ресей, Түрікменстан және Өзбекстаннан 1000-нан астам жас маман қатысқанына тоқталды. Сонымен қатар А.И. Шорманова «Электрондық архив жүйелерін іске асыру бойынша жобаларды басқару: әдістер мен ұсыныстар» тақырыбындағы баяндамасында электрондық архивтің біріңғай ақпараттық іздестіру жүйесін енгізу және дамыту бойынша тәжірибесі туралы айтты. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетіне ТМД-дағы қатысушы елдердің мемлекеттік архив қызметтері басшыларының консультативтік кеңесінің отырысында сөз сөйлеуге мүмкіндік бергені үшін алғыс білдіреміз.