14.05.2026

«Digital Archive EXPO» III Архившілер конгресінің ресми сайты іске қосылды

Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві «Digital Archive EXPO» атты III Архившілер конгресінің ресми сайтын іске қосты. Жаңа цифрлық платформа Конгресс туралы өзекті ақпаратпен танысуға және іс-шараға қатысты мәліметтерді бір жерден алуға мүмкіндік береді.

Сайтта Конгрестің алдын ала бағдарламасы, пленарлық және тақырыптық сессиялар туралы ақпарат, халықаралық спикерлер тізімі, сондай-ақ воркшоптар мен семинарлардың кестесі орналастырылған. Бұдан бөлек, қатысушыларға арналған ұйымдастырушылық ақпарат пен тұрақты түрде жаңартылып отыратын деректер қолжетімді.

Конгресс жұмысына Қазақстан мен әлемнің 25-тен астам елінен архив мекемелерінің басшылары мен мамандары, халықаралық ұйымдар өкілдері, IT-сарапшылар, ғалымдар мен зерттеушілер келіп, жалпы саны 400-ге жуық қатысушы болады деп күтілуде.