28.01.2026
«Digital Archive EXPO» III архившілер Конгресіне өтінім қабылдау басталды
2026 жылғы 8-12 маусым аралығында Астана қаласында Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің бастамасымен архившілердің III Конгресі – «Digital Archive EXPO» (DA-EXPO) өтеді. Биыл форум кеңейтілген форматта ұйымдастырылып, әлемнің түрлі елдерінен 500-ден астам қатысушыны біріктірмек.
Архившілер Конгресі 2022 жылдан бастап екі жылда бір рет өткізіледі. Форум тарихи әрі мәдени құжаттық мұраны сақтау мәселелері бойынша кәсіби диалог жүргізуге, архив ісін дамытудың инновациялық тәсілдерін қалыптастыруға, сондай-ақ озық архивтік тәжірибелерді кеңінен енгізуге мүмкіндік беретін халықаралық алаңға айналды.
Конгресс Халықаралық архивтер кеңесінің (ICA) ресми қолдауымен және ынтымақтастығы аясында өткізіледі. Өткен жылдары форум жұмысына архив саласының мамандары, IT-индустрия өкілдері, ғалымдар, білім беру ұйымдарының қызметкерлері, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен мәдени мекемелерден 400-ден астам адам қатысқан.
Конгресс алғаш рет көрме және сессиялық іс-шаралар форматында ұйымдастырылады:
· Көрме павильоны (DA-EXPO): озық IT-шешімдерді, оның ішінде архивтерге арналған AI-өнімдер мен AI-сервистерді практикалық тұрғыда көрсетуге және сынақтан өткізуге арналған мамандандырылған алаң.
· Сессиялық іс-шаралар: архив саласында AI қолдану мәселелері мен сұрақтары, архивтік экожүйелерді дамыту стратегиялары, заманауи сын қатерлер мен архивтің болашағын талқылауға арналған кәсіби сұхбат платформасы.
Конгрестің сессиялық бөлігі келесі негізгі тақырыптарды қамтиды:
Конгресс жұмысына архив ұйымдарының, IT және технологиялық қауымдастықтың, ғылыми және білім беру мекемелерінің, мемлекеттік органдардың, сондай-ақ музейлер, кітапханалар мен өзге де мәдени ұйымдардың өкілдерін қатысуға шақырамыз.
Қатысуға өтінімдер онлайн форматта мына сілтеме арқылы қабылданады:
https://forms.gle/DgxHb1kfSiaYDBAw6
Өтінімдер қабылдау мерзімі: 2026 жылғы 1 наурызға (қоса алғанда) дейін
Өтінімнің қабылданғаны туралы хабарлама 2026 жылғы 29 наурызға дейін жолданады.