15.11.2024
Архивте ғылыми-анықтамалық аппаратты (ҒАА) дайындау мәселелері бойынша онлайн-семинар өтті
15 қарашада Архив тарапынан «Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін тарихы бойынша құжаттық жинақтарға арналған ғылыми-анықтамалық аппаратты дайындау мәселелері (1920-1940 жж.)» тақырыбындағы онлайн-семинар өткізілді. Семинар саяси қуғын-сүргін тарихына қатысты құжаттық жарияланымдарға ғылыми-анықтамалық аппарат дайындау бойынша жұмыс тәсілдері мен әдістерін ұсыну мақсатында ұйымдастырылды.
Шараны спикер ретінде Архивтің Қолданбалы және ғылыми жобалар орталығының аға ғылыми қызметкері Е.С. Сыздыкова жүргізді. Семинарға Архив қызметкерлерімен қатар республикалық орталық, облыстық, қалалық архив мекемелерінің басшылары мен қызметкерлері (жалпы саны 90-ға жуық қатысушы) қатысты.