19.05.2023

Байқау жеңімпаздары марапатталды

Биыл 1998 жылғы 22 желтоқсанда қабылданған «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» ҚР Заңының қолданысқа енгеніне 25-жыл толуына орай ҚР Президентінің Архиві «Тарихи құжат – ұрпаққа аманат» архивтік марафонын ұйымдастырды.

Марафон аясында ҚР Президенті Архиві Алматы қаласы Білім басқармасының қолдауымен «Менің отбасымның тарихы архив құжаттарында» мектептік оқу-зерттеу жұмыстарының конкурсын өткізді.


Байқау қорытындысы бойынша
бірінші орынды №21 мектеп-гимназиясының оқушысы Жапарова Меруерт,
екінші орынды №200 мектеп-гимназиясының оқушысы Баймахан Ақбота,
үшінші орынды №43 орта мектептің оқушысы Жүнісхан Әсел иеленді.

Сондай-ақ 49 оқушы арнайы номинация жеңімпазы деп танылды. Жеңімпаздарға дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды.