13.06.2024
Бүгін жас архившілерге арналған VII Халықаралық Жазғы мектептің жұмысы жалғасып жатыр
Қатысушылар үшін шетелдік және отандық ғалымдар дәрістер өтуде. Ресей мемлекеттік гуманитарлық университеті Тарих және архив институтының басқаруды құжаттамалық қамтамасыз етудің автоматтандырылған жүйелері кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.д., профессор Ларин Михаил Васильевич «Архивтерді электрондық құжаттармен жинақтаудың мәселелері» тақырыбында баяндама жасады. Баяндамада профессор электрондық құжаттарды сақтауды ұйымдастырудың шет мемлекеттердің тәжірибесімен бөлісті. АҚШ-та 2023 жылдан бері ұлттық архивке үкімет органдары құжаттардың барлық түрін электрондық форматта тапсыруға міндеттелгенін, Германияда электрондық құжаттардың заң жүзінде дәлелді күші бар екенін айтып берді. Ресейде электрондық құжаттарды сақтау орталығы (ЦХЭД - центр хранения электронных документов) платформасы эксперименталды түрде жұмысын бастағанын жеткізді. Спикердің сөзінше, архивтің жаңа ғимараты салынып, онда құжаттарды қағаз жүзінде ғана емес, электронды құжаттарды сақтауға арналған қоймалар болады. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің доценті, т.ғ.к. Жақыпова Гүлназия Толғайқызы «Архив ісін әдістемелік қамтамасыз етуді әзірлеудің теориялық негіздері» тақырыбында дәріс оқыды. Дәріс архив ісінің әдістемелік қызметіндегі ғылыми тәсілдер мен принциптерге арналды.
Спикер ғылыми зерттеулердің нәтижелерін практикалық қызметте пайдалануға мүмкіндік беретін жұмыстың соңғы кезеңі әзірлемелерді құру деген ойын білдірді. Сонымен қатар бүгінгі бағдарламаға сәйкес, Ресей мемлекеттік гуманитарлық университеті Тарих және архив институтының басқаруды құжаттамалық қамтамасыз етудің автоматтандырылған жүйелері кафедрасының профессоры, т.ғ.д. Суровцева Наталья Геннадиевна (Құжаттарды басқарудағы сыныптау мен сыныптауыштардың мәні), Өзбекстан Республикасы Әділет министрлігі жанындағы «Өзархив» агенттігінің ақпараттық талдау және өтініштермен жұмыс бөлімінің бастығы Мирзаев Лазиз Тулкинович (Жинақтау көздері ұйымдарының Ұлттық архив қорының құрамына кіретін архив құжаттарын қалыптастырудағы және оларды мемлекеттік архивтерге тапсырудағы мемлекеттік бақылаудың рөлі), Өзбекстан Республикасы Әділет министрлігі жанындағы «Өзархив» агенттігінің Навои облысы бойынша аумақтық архив басқармасының бастығы Бекова Сайёра Саидовна (Цифрлық трансформация жағдайында архивтерді толықтыру кезінде құжаттарды есепке алу) баяндама жасады.