12.01.2024

Бүгін – Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың туған күні

12 қаңтар – қазақтың біртуар тұлғасы, аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың туған күні. Бүгінгі күні Қазақстан Республикасы Президенті Архивінде Дінмұхамед Ахметұлының жеке қоры сақталуда. Бірегей құжаттар жиынын былтыр тұлғаның мұрагері, «Әуезов үйі» ғылыми-мәдени орталығының жетекшісі Диар Асқарұлы Қонаев тапсырған болатын.

Бұл құжаттар Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қорының құнды мұрасы, болашақ ұрпақ үшін ең асыл қазына. Д.А. Қонаевтың 112 жылдығына орай оның ескерткішіне салтанатты түрде гүл шоқтары қойылды, шараға Президент Архивінің қызметкерлері қатысты.