21.10.2022

Қазақстандағы архившілердің І Конгресінің Декларациясы

21 қазанда «Ашық қоғамға – ашық Архив» атты архившілердің І Конгресі Декларация қабылдаумен аяқталды. Оның модераторы Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің директоры Ә.Қ. Мұстафина болды. Құжатта 2022 жылғы 19-21 қазанда «Ашық қоғамға – ашық Архив» атты архившілердің І Конгресінің халықаралық ұйымдардан, биліктің орталық және жергілікті атқарушы органдарынан, білім және ғылыми-зерттеу мекемлерінен келген қатысушылары тарапынан архивтік құжаттардың құндылығын мойындай отырып, қоғамдық өмірдің барлық саласындағы болып жатқан түбегейлі өзгерістер архивтерге жаңа сынақтар қойып отырғаны туралы айтылды.

Осыған орай, форумның қатысушылары Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің бастамасын қолдап, Халықаралық мамандардың қатысуымен Қазақстан архившілерінің конгрестерін тұрақты түрде өткізуді мақұлдады. Қазақстандық алаңдарда архивтік конгрестерді ұйымдастыру үшін Халықаралық архивтер кеңесінің қолдауы қарастырылған. Декларацияның текстінің толық нұсқасы Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің сайтында жарияланатын болады.