24.04.2026

Қазақстан Республикасы Президентінің Архивінде тағайындау

Қазақстан Республикасы Президенті Архиві директорының бұйрығымен Нұрмаханов Арыстанбек Нұрмаханұлы Архив директорының орынбасары лауазымына тағайындалды.

Арыстанбек Нұрмаханұлы – мемлекеттік басқару және халықаралық коммуникациялар салаларында елеулі тәжірибесі бар жоғары білікті маман. Еңбек жолын 1992 жылы жоғары білім беру жүйесінде бастап, оқытушыдан факультет деканына дейінгі жауапты қызметтерді атқарды. Академиялық саладағы тәжірибесі басқарушылық қызметпен ұштасып, оның кәсіби қалыптасуына берік негіз қалады.

Әр жылдары ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Тілдерді дамыту департаментінде, ҚР Мәдениет және ақпарат министрілігі Ақпарат және архивтер комитетінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының хатшылығында лауазымды қызметтер атқарды.

Сонымен қатар халықаралық корпоративтік секторда, Орталық Азия өңірінде үкіметтік және қоғамдық байланыстарды үйлестіру бағытында жемісті жұмыс жүргізген тәжірибесі зор маман.