02.09.2025
Астанада Президент Архивінің оқу залы өз жұмысын бастады
2025 жылдың 2 қыркүйегінен бастап Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 15 мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің оқу залы өз жұмысын бастады. Жұмыс уақыты: 9:00-ден 17:30-ға дейін (дүйсенбі-бейсенбі, түскі ас:13:00-14:30).
Жұмыс форматы: электрондық.
Оқу залында жұмыс істеу үшін ресми өтініш немесе хат келесі жүйелердің бірі арқылы жолдану қажет:
- E-otinish - азаматтардың өтініштерін қабылдау және өңдеудің бірыңғай платформасы;
- Documentolog - электрондық құжат айналымының жүйесі;
- office@archive.president.kz электрондық пошта;
немесе Архивке келген кезде жеке түрде.
Өтінішке жеке басын куәландыратын құжат пен ғылыми жетекші немесе ғылыми кеңесші (бар болған жағдайда) бекіткен ғылыми зерттеу жоспары қоса берілуі тиіс.
Архивтік құжаттармен жұмыс Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің оқу залының жұмыс регламентіне және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Өтінішке немесе хатқа архивтік материалдармен жұмыс істеуге рұқсат берілген ресми жауап алынғаннан кейін зерттеуші оқу залына кіре алады.
Байланыс телефондары: +7 (7172) 57-36-77, +7 (7172) 57-36-62.