06.05.2025

Астанада Ұлы Отан соғысы батырлары жайлы кітаптың тұсаукесері өтті

2025 жылғы 6 мамырда Астана қаласында Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві мен Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі бірлесе дайындаған «Халық ерлігі: қазақстандықтар Ұлы Отан соғысы майдандарында» атты кітаптың тұсаукесері өтті.

Бұл басылым Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналды.

Кітапта Қазақстан аумағында жасақталған әскери құрылымдардың тарихы және олардың 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы майдандарындағы түрлі қорғаныс, шабуыл және қарсы шабуыл операцияларына қатысуы туралы құнды мәліметтер жинақталған. Бұл еңбекте Жеңіс жолындағы офицерлер мен жауынгерлердің ерлігі мен қайсарлығы баяндалады.

Кітап жақын арада еліміздің кітапханаларында оқырман қауымға қолжетімді болады.