09.06.2026

Астанада «Digital Archive EXPO» III Халықаралық архившілер конгресі басталды

Астанада архив саласының цифрлықтрансформация және жасанды интеллект технологиялары дәуіріндегі болашағын талқылауғаарналған ең ірі халықаралық алаң – «Digital ArchiveEXPO» III Халықаралық архившілер конгресі өзжұмысын бастады.

Ауқымды форумның ұйымдастырушысы – Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві. Конгреске әлемнің 30 елінен келген 500-ден астамқатысушы, атап айтқанда, архив мекемелерініңбасшылары мен мамандары, Біріккен ҰлттарҰйымы, ЮНЕСКО, Халықаралық архивтеркеңесінің өкілдері, жетекші IT-сарапшылар, ғалымдар мен зерттеушілер қатысуда.

Конгресс биыл алғаш рет Астанада Президент Архиві мен alem.ai Халықаралық жасандыинтеллект орталығының алаңдарында өткізіліпотыр. Форум аясында цифрлық архивтерді дамыту, құжаттық мұраны сақтауда жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалану, архивтік экожүйелердідамыту, цифрлық деректердің сақталуынқамтамасыз ету және жаңа буын мамандарындаярлау мәселелері талқылануда.

Конгрестің негізгі тақырыбы еліміздіңцифрландыру саласындағы мемлекеттіксаясатының басымдықтарын айқын көрсетеді. Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев архивтік деректерді цифрлық форматқакөшірудің және жасанды интеллекттехнологияларын дамытуға қажетті сапалыдеректер қорын қалыптастырудың маңыздылығынбірнеше рет атап өткен болатын.

Конгресс барысында «Digital Archive. Парадигманың өзгеруі», «Архивтер және AI», «Архивтердің инновациялық экожүйелері», «Архив болашағы: жаңа құзыреттер мен көшбасшылық» атты халықаралық панельдік сессиялар, ЮНЕСКО-ның «Жасанды интеллекттің «Әлем жады» халықаралық тізіміне әсері» тақырыбындағысеминары, MURAtalks сарапшылар клубыныңотырысы, тәжірибелік воркшоптар мен IX Халықаралық жас архившілердің жазғы мектебіұйымдастырылады.

Конгресс аясында алғаш рет халықаралық DA-EXPO көрмесі ұйымдастырылды. КөрмедеҚазақстан Республикасы Президенті Архивініңархив қызметіне жасанды интеллект технологияларын енгізуге бағытталған бірегейәзірлемелері таныстырылады. Олардың қатарындаархив қоймаларын интеллектуалды басқаруғаарналған «GEOTOPOGRAPHY» жүйесі, архивтікқұжаттарды тануға арналған «AI ArchivalRecognition System» қосымшасы, «Virtual Guide» AI-платформасы және СТМК архивші-сарапшысына арналған «QuralAI Assistant» жасанды интеллект көмекшісі бар.

Айта кетейік, Конгресс 11 маусымға дейінжалғасады. Форум қорытындысы бойынша архив саласын одан әрі дамытуға, тарихи-деректікмұраны сақтау бағытындағы халықаралықынтымақтастықты кеңейтуге арналған нақтыұсыныстар әзірлеу жоспарлануда.