09.11.2022

Астана қаласының Мемлекеттік архивінің директоры М.Е. Бектембаев «Ашық қоғам - ашық Архив» атты архившілердің І Конгресі туралы

«Астана қаласының мемлекеттік архиві» ММ тарихи — мәдени, деректі мұраны сақтау мақсатында халықаралық диалог алаңын құруға арналған «Ашық қоғам - ашық Архив» архившілердің I Конгресін сапалы ұйымдастырғаны үшін зор алғысын білдіреді. Конференцияға қатысу бізге кәсіби ортада қарым-қатынас көкжиегін кеңейтуге тамаша мүмкіндік берді. Іс-шара жоғары деңгейде өтті, өте мазмұнды, оқиғаларға, ұсыныстарға және талқылауларға толы болды. Қатысушылардың әрқайсысы өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды. Бұл болашақта олардың әлеуетін арттырып, қызметтерін жүзеге асыруға септігін тигізеді деп сенемін. ҚР Президентінің Архивіне алдағы уақытта табысты және жасампаз қызмет пен жаңа биіктерге жетуді тілеймін.