27.04.2023

Ашық үкімет және жаңа басқару мәдениеті

2023 жылғы 27 сәуірде Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ұйымдастырумен Астана қаласында «Ашық үкімет және жаңа басқару мәдениеті: есту, түсіну, әрекет ету» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция ашылды. Форум Қазақстан Респубикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бастамасымен (https://www.apa.kz/elordada-xalyqaralyq-ghylymi.../) және Астана мемлекеттік қызмет хабының қолдауымен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында өтіп жатыр.

Конференция аясында 12 панельдік сессия ұйымдастырылған. «Мемлекеттік басқару жүйесіндегі архивтер: транспаренттілік, ашықтық, қолжетімділік» тақырыбындағы қазіргі заманғы жағдайдағы архивтің қоғамдағы рөліне арналған панельдік сессияда Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің қызметкерлері Қ.Ш. Әлімғазинов, Г.Ж. Мұқажанова, Г.Р. Нұрымбетова және Е.С. Сыздықова баяндама жасады.