08.02.2024

Ашық есік күндері өтті

2024 жылғы 8 ақпан күні Қазақстан Республикасы Президенті Архивінде ашық есік күндері өтті. Іс-шараға әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің тарих факультетінің 1 курс студенттері қатысты. Шара аясында «Қазақстан Республикасы Президенті Архивіне 30 жыл» тақырыбындағы фотокөрме ұсынылды. Көрмеге 1994-2024 жж. аралығындағы Архивтің қызметі мен жұмысы көрсетілген суреттер қойылды. Сонымен қатар студенттерге Архивтің Құжаттарды пайдалануды ұйымдастыру қызметінің басшысы Б.Ә. Қасенов ретроспективті құжаттық ақпарат және оның зерттеушілер үшін маңызы туралы дәріс оқыды. Бөлеген Әбікейұлы өз сөзінде «деректі ақпарат», «архивтік ақпарат», «ретроспективті ақпарат» деген ұғымдарды түсіндіріп, зерттеушілерге арналған оқу залында жұмыс істеу тәртібін таныстырды.

Архив қорларын сақтауды қамтамасыз ету, есепке алу және цифрлау қызметінің аға сарапшысы М.Д. Дүйсенбай құжаттарды қалпына келтіру және құжаттарды цифрлық форматқа көшіру, оны дыбыстық жолақты цифрлық форматқа көшіру, артық кедергілерден тазалау, бөлек жазылган ақпараттарды біріктіру немесе бір тасымалдағышқа жазылып кеткен түрлі ақпараттарды бөлшектеу, цифрлық форматқа көшірілген кұжаттарды пайдалану корын жасау үшін тасымалдағыштарға көшіру жұмыстары сияқты архивтің негізгі жұмыстарын көрсетті.