03.10.2024

«Архивтік жинақтарды білім беру мақсатында пайдаланудың әдістемесі мен тәсілдері» тақырыбындағы семинар өтті

Конгреске Ұлыбритания архивтерінде жүзеге асып жатқан жоба жайында баяндау үшін Ұлыбритания Ұлттық архивінің Білім және ағарту бөлімінің басшысы Эндрю Пейн арнайы келді. Ол қазақстандық архившілер мен педагогтарға мектеп оқушыларын тарихи мұраны зерттеуге тарту әдістері жайлы айтып берді. Баяндамада Эндрю Пейн архивтегі білім беруде студенттерге мәдениет пен тарихты тереңірек түсіндіріп, олардың қалыптасуына қалай ықпал ететінін атап өтті. Қатысушылар инновациялық тәсілдерді, оның ішінде интерактивті көрмелер мен цифрлық платформаларға тоқталды.

Бұл архив жинақтарын жастарға қолжетімді әрі қызықты етеді. Семинарда айтылған ұтымды тәсілдердің бірі – тарихи тұлғаларды, оқиғаларды жәй сөзбен емес, арнайы костюмдер киіп түсіндіру. Мәселен, дәріскерлер белгілі бір дәуірді түсіндіргенде сол кездің киімін киіп келеді. Бұл тәсіл оқушыларға сол кездің күйін сезінуге, есте қалуына ықпал етеді. Семинарда осындай тәсілдер арқылы жастардың архивтік құжаттар арқылы тарихқа қызығушылығын арттыру көзделді. Бұл семинар архив саласының білім беруде үлкен маңызға ие екенін көрсетті. Шара соңында қатысушыларға сертификаттар табысталды.