26.04.2023

Архивтік мәселелері бойынша семинар өтті

2023 жылдың 26 сәуірінде Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің ұйымдастырумен құжаттандыру және құжаттаманы басқару, архивтік сақтау мәселелері бойынша семинар өтті.
Семинардың ашылуын ҚР Президентінің Архиві директорының орынбасары Б.Қ.Жұмабеков және «Kazakh Invest» «Ұлттық компаниясы» АҚ – ның аппарат басшысы А.А.Нұрсейітов ашты.
Семинар барысында Архив қорын қалыптастыру қызметінің мамандары – А.А.Ермағамбетова, Г.Ө.Құдайбергенова, Қ.М.Мырзабекова электрондық құжат айналымы, архивтік сақтау, құжаттаманы басқару саласындағы нормативтік – құқықтық актілер және құжат деректемелерін ресімдеу, мемелкеттік емес мекемелерде істер номенклатурасын тағайындау және жасау, істерді қалыптастыру тәртібі тақырыптары бойынша лекция оқыды.

Аталған семинарда «Kazakh Invest» «Ұлттық компаниясы» АҚ - ның, «Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешені» КЕАҚ - ның, «Сыртқы саяси зерттеулер институты» АҚ – ның және «KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігі» КЕАҚ - ның іс жүргізу және архив қызметінің меңгерушілері мен жауапты қызметкерлері өз білімдерін шыңдады.
Семинар соңында қатысушылармен топтық практикалық сабақ өткізілді.
Сонымен қатар «Kazakh Invest» «Ұлттық компаниясы» ұйымдастыру – кадрлық жұмыс Топ директоры Б.Б.Құрманова ұйымдастыру – кадрлық жұмыс Тобындағы өз тәжірибесімен бөлісті.
Лекторлар қатысушылардың барлық сауалына жауап беріп, өз тәжірибесінен мысалдар келтіре отырып іс-шараны қорытндылады.