02.03.2023

Архивтің жинақтау көздері болып табылатын ұйымдарына арналған семинар

2 наурызда Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында құжаттама жасау және басқару мәселелері бойынша семинар ұйымдастырылды. Шараны Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің архив қорын қалыптастыру қызметі өткізді. Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің қызметкерлері құжаттаманы жасау және басқару саласындағы нормативтік-құқықтық актілерді, мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелерде іс қағаздарды жүргізуді, оның ішінде электрондық құжат айналымы жүйелерін (ЭҚЖ) пайдалануды түсіндірді.

Сонымен қатар, Архив өкілдері жеке құжаттарды қалыптастыру және ұйымдастыру ерекшеліктеріне тоқталды. Оның ішінде істер номенклатурасын әзірлеу және құжаттар тізімін жасау процесі таныстырылды. Сонымен қатар архивке құжаттарды тапсыру және ақпараттық қауіпсіздік талаптарын сақтау туралы айтылды.