13.06.2024

Архивтерді аудиовизуалды құжаттармен жинақтаудың өзекті мәселелері бойынша шеберлік сабақ өтті

Жас архившілерге арналған VII Жазғы мектеп жұмысы Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар мен дыбыс жазбалар архивінде жалғасты. Қатысушылар архивтерді аудиовизуалды құжаттармен жинақтаудың өзекті мәселелері бойынша шеберлік сабағына қатысты. ҚР ОМКФҚДЖА Архив қорын толықтыру және ведомстволық архивтер бөлімінің басшысы Есенғазиева Шара Уақасқызы архивтерді аудиовизуалды құжаттармен жинақтаудың өзекті мәселелеріне тоқталса, Архив қорын толықтыру және ведомстволық архивтер бөлімінің маманы Айтмұқаева Айгүл Қайтбекқызы фотоқұжаттардың түрлері бойынша жүйелеуді айтып берді.

Архив қорын толықтыру және ведомстволық архивтер бөлімінің бас сарапшысы Жасыбаев Ермек Аманжолұлы «Фотоқұжат тарихи дерек ретінде» тақырыбында баяндама жасады. Сонымен қатар, қонақтарға Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар мен дыбыс жазбалар архивінде арнайы экскурсия ұйымдастырылды. Экскурсия барысында Архив қызметкерлері әріптестерімен өз тәжірибелерімен бөлісіп, көптеген сұраққа жауап берді.