30.11.2023

Архивте өрт сөндірушілер оқу-жаттығу өткізді

2023 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасы Президентінің Архивінде мекеменің архив қоймаларындағы шартты өртті жою кезінде Алматы қаласы ТЖД Өрт сөндіру және апатты-құтқару жұмыстары қызметімен өзара іс-қимыл бойынша тәжірибелік жаттығу өткізілді. Тактикалық жоспарға сәйкес ғимараттан адамдар мен архив құжаттарын эвакуациялау жүргізіліп, дабыл бойынша Архивтің ерікті өртке қарсы құралымын жинау, шартты өртті сөндіру және мекеме қызметкерлерін қойманың 6-шы (орта) қабатынан құтқару жұмыстары ұйымдастырылды.

Өртті жою және қызметкерлерді құтқару өрт есебін, «АЛ-32» автосатысын (көтеру биіктігі 32 м) қолдану арқылы жүзеге асырылды. Тәжірибелік жаттығу сондай-ақ Алматы қаласының №13 өрт сөндіру бөлімінің инженерлері, ҚР ІІМ Алматы қаласының мамандандырылған күзет қызметі басқармасының қызметкерлері және Архивтің ауысым кезекшілері қатысты. Жаттығу соңында оған талдау жүргізіліп, кемшіліктері мен оң тұстары атап өтілді.