13.09.2024
Архивте өрт сөндіру оқу-жаттығулары өткізілді
2024 жылғы 13 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Президенті Архивінде Алматы қаласы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарының қызметі» ММ 5-ӨСБ күштері мен құралдары, 13-ӨСБ қызметкерлері және Архивтің ерікті өрт сөндіру құрылымы бірлесіп оқу- тактикалық жаттығу өткізді. Тактикалық жоспарға сәйкес дабыл бойынша ғимараттан адамдарды эвакуациялау жүргізілді. Шартты өртті сөндіру және мекеме қызметкерлерін архивтің жоғарғы қабаттарынан құтқару жұмыстары ұйымдастырылды. Өртті жою және қызметкерлерді құтқару «АЛ-32» автосатысын (көтеру биіктігі 32 м) қолдану арқылы жүзеге асырылды.
Өртке қарсы оқу-тактикалық жаттығуға сондай-ақ ҚР ІІМ Алматы қаласының мамандандырылған күзет қызметі басқармасының қызметкерлері және Архивтің ауысым кезекшілері қатысты. Мұндай оқу-жаттығу жұмыстары Архивте жүйелі түрде жүргізіліп тұрады. Өзара әріптестік танытуда үлкен алғысын жеткізген Алматы қаласының мамандандырылған күзет қызметі басқармасының бастығы М. Аманбеков және Алматы қаласы ТЖД бастығы Н. Ағытаев атынан ҚР Президенті Архивінің директоры Ә. Мұстафинаға Алғыс хат табыстады.