29.12.2023

Архивте кәсіподақ жұмысы қорытындыланды

Бүгін Қазақстан Республикасының Президенті Архивінде Бастауыш кәсіподақ ұйымының 2023 жылы атқарған жұмыстары бойынша есеп беру жиналысы өтті. Жиында Қазақстан Республикасының Президенті Архивінің директоры Ә.Қ. Мұстафина құттықтау сөз сөйледі. Кәсіподақ ұйымының 2023 жылғы қызметі туралы Қазақстан Республикасының Президенті Архивінің Бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Ш.Қ. Тайтелиева есеп берді. Баяндамада Архивте өткен құқықтық, мәдени, спорттық-сауықтыру, қызметкерлерді еңбек қауіпсіздігі бойынша іс-шаралар және оған жұмсалған кәсіподақ қаражаты туралы мәліметтер берілді.

Іс-шарада Архивтің мәдени және қоғамдық қызметінде белсенді атсалысқаны үшін кәсіподақ тарапынан Архив қызметкерлері В.И.Салахова, М.И. Қазыкеев «Мемлекеттік қызметкерлер кәсіподағының үздігі» төсбелгісімен, ал Ш.Қ. Тайтелиева, А.М. Исаева, Г.Н. Дүйсенова және А.Т. Жолдасов Құрмет грамотасымен марапатталды. Марапаттарды «Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» Алматы қалалық Қоғамдық Бірлестіктің төрайымы Д.М. Айнақұлова тапсырды. Сонымен қатар «Халық бюджеті – 2023» конкурстық жобасының қорытындысы бойынша Архив ұжымына сертификат берілді.