15.06.2023

Архивте Қазақстанның стратегиялық зерттеу институтының 30 жылдығы аталып өтті

2023 жылғы 14 маусымда ҚР Президентінің Архивінде «Қазақстанның стратегиялық дамуының сараптамалық қамтамасыз етуіне ҚСЗИ қосқан үлесі» тақырыбында тарихи-құжаттық көрме мен дөңгелек үстел өтті. Іс-шара Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві және ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтымен бірлесіп ұйымдастырылды. Дөңгелек үстелдің ашылуында ҚР Президенті Архивінің директоры Ә.Қ. Мұстафина құттықтау сөз сөйлеп, Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының архив қорының қалыптасу тарихына тоқталып өтті.

Ол өз сөзінде алғашқы қазақстандық ғылыми-талдамалық институттың құрылуы туралы деректерімен бөлісіп, оның бірнеше халықаралық орталықтармен, стратегиялық зерттеу институттарымен ғылыми байланыс орнатқаны туралы айтып берді. ҚСЗИ директоры Е.В. Тұқымов мерейтой қарсаңында институт іргесінде еңбек еткен ардагерлерге құрмет білдірді. Сондай-ақ ол ҚСЗИ-дің 30 жылдық жетістіктері мен мемлекеттік басқарудағы шешімдерді қабылдауға қосқан үлесі туралы баяндап, институттың көпжылдық сараптамалық, ғылыми-әдістемелік еңбектеріне тоқталды. Шара барсында ҚР Президентінің Архивінің ұйымдастыруымен институттың мерейтойына орай «ҚСЗИ 30 жыл: даму жолы» тарихи-құжаттық көрме ұсынылды.