01.10.2024
Архивте ардагерлерге құрмет көрсетілді
2024 жылғы 1 қазанда Қазақстан Республикасы Президентінің Архивінде Халықаралық қарттар күні және «Мұра институттары қоғамды орнықты дамыту жолында» тақырыбындағы конгресі аясында салтанатты іс-шара өтті. Архив ұжымы архив ісін дамытуға және еліміздің тарихи мұрасын сақтауға елеулі үлес қосқан ардагерлерді құттықтады. Көп жылғы еңбегі мен кәсібіне адалдығы үшін Президент Архивінің ардагерлері Қазақстан Республикасының Президенті Қ. К. Тоқаевтың Алғыс хатымен марапатталды. Іс-шараға қатысушылар әр кезеңдегі ұжымның жеткен жетістіктері мен архивте қызмет еткен жылдардағы жылы естеліктерін бөлісті. Құрметті ардагер әріптестеріміз, Сіздерді лайықты марапаттарыңызбен құттықтаймыз! Сіздерге денсаулық, амандық және барлық жақсылықты тілейміз!
ҚР Президентінің алғыс хатымен марапатталды: Абилова Тараза Есмуханқызы Бучнева Альбина Васильевна Грибанова Елена Михайловна Зулкашева Анаргуль Сагиевна Новикова Наталья Юрьевна Онгарбекова Роза Укеновна Суйнишев Досқазы Ақайұлы Шепель Людмила Алексеевна Чупров Вячеслав Михайлович Хашимбаева Зайтуна Адильевна Химченко Николай Иванович