04.10.2024

Архившілердің II конгресінің жұмысы аяқталды

4 қазанда Халықаралық архивтер Кеңесінің қолдауымен Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві ұйымдастырған «Мұра институттары қоғамды орнықты дамыту жолында» архившілердің II конгресінің жұмысы аяқталды. Қорытынды сессия кезінде қатысушылар форум аясында өткен талқылаулардың маңызды тұстарын атап өтті. Мәселен, тарихи ақпаратты сақтаудың, азаматтардың архивтік деректерге қолжетімділігін қамтамасыз ету және архивтерге заманауи технологияларды енгізу сынды маңызды тақырыптар талқыланды.

Өзгермелі климат жағдайында құжаттарды сақтау, архивтерді институционалдық дамыту және жаңа технологияларды енгізу мәселелеріне ерекше назар аударылды. Қатысушылар кәсіби қауымдастық архившілерге цифрландыру, үлкен деректерді басқару және киберқауіпсіздік сияқты заманауи сын-қатерлерге бейімделуге көмектесетін ғылыми жобаларды, соның ішінде халықаралық жобаларды дайындау қажеттілігі атап өтілді. Конгресс қорытындысы бойынша қатысушылар 2026 жылы өтетін кезекті III-ші архившілердің конгресінің күн тәртібін әзірлеу кезінде Конгрестің Үйлестіру комитеті назарына алатын қарар жобасы қаралды.