10.03.2023

АНОНС: Архившілер арасындағы волейбол турнирі


Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25 жылдығына арналған «Тарихи құжат – ұрпаққа аманат» Архив марафоны шеңберінде 2023 жылғы 28-29 сәуірде мемлекеттік архив қызметкерлері мен архив ісінің болашақ мамандары арасында волейболдан турнир ұйымдастырады.

Турнирдің мақсаты - салауатты өмір салтын насихаттау, архив мекемелері арасындағы серіктестікті нығайту, архившілерді дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту.

Жарысқа мемлекеттік архив қызметкерлерінің командалары мен архив ісінің болашақ мамандары қатысады.

Турнирге қатысуға өтінімдер 2023 жылдың 1 сәуіріне дейін Алматы қаласы, Достық даңғылы, 87б мекенжайы бойынша және электрондық пошта арқылы қабылданады: abdiyev.ib@gmail.com

Турнир Алматы қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 71 мекенжайы бойынша әл-Фараби атындағы ҚазҰУ спорт кешенінің базасында өтеді.

Анықтама телефоны: +7 705 750 05 33. 8 727 264 69 07.


 


Архившілер арасында Қазақстан Республикасы

Президенті Архивінің Кубогі үшін волейболдан турнирдің

Ережесі

1. Мақсаты мен міндеті

Турнир ҚР Президенті Архивінің Жас архившілер кеңесінің ұйымдастыруымен өтеді.

Турнирдің мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, архив мекемелері арасындағы серіктестік байланыстарды күшейту, архившілерді дене тәрбиесі және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту.

2. Өтетін уақыты мен орны

Турнир 2023 ж. 28 сәуірде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің Спорт кешені базасында мына мекен-жай бойынша өткізіледі: Алматы қ., әл-Фараби даңғ., 71. Басталуы сағат 10.00.

3. Жарысты өткізуді ұйымдастыру

Жарыстың ұйымдастырылуы және өткізілуіне жалпы басшылықты ҚР Президенті Архивінің Жас архившілер кеңесі жүзеге асырады. Жарысқа тікелей басшылықты тәуелсіз қазылар алқасы атқарады. Жарыс қазіргі волейбол ойынының ережелері бойынша өткізіледі. Турнирдің форматы жарыс өткізілетін күні анықталады.

4. Жарыстың қатысушылары және бағдарламасы

Жарысқа мемлекеттік архив қызметкерлері мен болашақ архившілер командалары қатысады. Команда құрамы аралас (4 ер адам және 2 әйел адам). Команданың бірыңғай киімі, ерекшелік белгілері, логотипі болуы тиіс. Жарысқа қатысушыларда өзімен бірге жеке тұлғасын растайтын суреті бар құжаты болуы керек.

5. Командаларды марапаттау

Жүлделі орындарға ие болған командалар сәйкесінше деңгейдегі дипломдар және естелік сыйлармен марапатталады.

6. Өтінім

Турнирге қатысу туралы өтінімдер 2023 ж. 1 сәуіріне дейін мына мекен-жай бойынша қабылданады: Алматы қ., Достық даңғылы, 87б және электронды пошта: abdiyev.ib@gmail.com

Анықтама телефондары: 8 727 264 69 07.