03.10.2022

Архив ісінің мәселері туралы семинар өтті

2022 жылғы 30 қыркүйекте Астана қаласында «Возрождение» қазақстандық немістер бірлестігі» қоғамдық қорында құжаттардың құндылығын қалыптастыру және сараптау бойынша семинар өтті. Іс-шараны «Возрождение» қазақстандық немістер бірлестігі» қоғамдық қорының архивпен жұмыс істеуге жауапты менеджері Тихонина Светлана Михайловна ашты. Ол өз сөзінде бұл шара Қазақстан Республикасы Президенті Архиві мен «Возрождение» қазақстандық немістер бірлестігі» қоғамдық қорының 2022 жылға арналған бірлескен іс-шаралар жоспарына сәйкес ұйымдастырылғанын атап өтті. Семинарға аталған қоғамдық қордың іс жүргізуге және құжаттардың архивтік сақталуына жауапты қызметкерлері қатысты.

Семинарды Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің жетекші сарапшысы А.А. Ермағанбетова және архивист Ж.Н. Турмтаева өткізді. Ұйымдастырушылар қатысушылардың сауалдарына жауап беріп, құжаттандыру және архив ісі бойынша нормативтік-құқықтық базаны құру, құжаттарды ведомстволық архивке тапсыру тәртіптері мен құжаттарды ведомстволық архивтен мемлекеттік сақтауға өткізу бойынша мәселелер қаралды. Сондай-ақ, құжаттарды істерге қалыптастыру және ресімдеу, оларды құрылымдық бөлімшелерден ведомстволық архивке беру бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.