22.11.2024
«Архив – 2025: нәтижелер мен мәселелер» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті
Бүгін 22 қарашада «Архив – 2025: нәтижелер мен мәселелер» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Іс-шараны Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Архивтер, құжаттама және кітап ісі комитеті мен Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві ұйымдастырды. Конференцияға архив ісінің жетекші мамандары, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің қызметкерлері қатысты. Конференция барысында қатысушылар архив ісінің дамуын, соның ішінде шетелдерде сақталған Қазақстанмен байланысты бірегей құжаттарды анықтау, цифрландыру және сақтау мәселелерін талқылады.
Ресей, Өзбекстан және басқа да елдердегі архивтерді зерттеу мен ғылыми экспедицияларға назар аударылды. Архивтерді цифрландыру және олардың ашықтығын қамтамасыз ету мәселелері қарастырылып, отандық архивтерді модернизациялауға ерекше көңіл бөлінді. Конференция аясында «Архив-2025» атты тарихи-құжаттамалық көрме ұсынылды. Сонымен қатар «Материалы и документы Российского государственного военно-исторического архива по истории Казахстана XIX века» құжаттар жинағының тұсаукесері өтті. Іс-шара соңында архив ісіне үлес қосқан архившілер марапатталды.