25.09.2024
Бірінші архивтік хакатонның нәтижелері
Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві, Satbayev University және Yandex Qazaqstan бірлесе ұйымдастырған «Archive Hack: Ақылды архив» алғашқы хакатоны жалпы саны 165 қатысушының басын қосты. Іс-шара қатысушылары өздері дайындаған жобаны архив мамандарына түсінікті етіп, кейін практикада қолдана алатындай біртұтас жүйелі жұмыс ретінде ұсынды. Хакатон аясында қатысушылар тапсырмаларды орындау, күрделі сұрақтарға жауап іздеу, өзара пікірталастар мен талқылаулар арқылы командалар арасында тың идеялардың туындауына ықпал етті. Әділ қазы алқасы үш негізгі секция бойынша үздік жобаларды анықтады: «Young Archivists Initiative» – Ең үздік мектеп жобасы: 1-орын Тараз қаласы № 41 А.С. Пушкин атындағы мектеп оқушыларынан құралған «Time Keepers» командасы; 2- Алматы қаласы № 113 мектеп-гимназиясының оқушыларынан құралған «Stars» командасы; 3-орын Алматы қаласы Махатма Ганди атындағы № 92 мамандардырылған лицейінен келген «Ганди» командасы.
«Designing Heritage» - Ең үздік брендбук дизайны; 1- орын Алматы қаласы №79 мектеп-гимназиясының «Eleven VG» командасы; 2-орын Алматы қаласы Махатма Ганди атындағы № 92 мамандардырылған лицейінен келген «TRV designers» командасы; 3- орын Satbayev University мен Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті (ХАТУ) «Triple-A» командасы. «Tech Solutions for Heritage» - Ең үздік инновациялық шешім; 1- орын Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінен келген (ХАТУ) «Adapteam» командасы; 2-орын Қазақстан-Британ техникалық университетінің «KBTU_hachaton_enjoyers» командасы; 3- орын Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінен келген (ХАТУ) «Spark Studio». Хакатонның жеңімпаздары мен барлық қатысушылары арнайы дипломдармен марапатталды. Тараз қаласы № 41 А.С. Пушкин атындағы мектеп оқушыларынан құралған «Time Keepers» командасына Satbayev University білім сертификаттары берілді. Сонымен қатар жүлдегерлер жалпы жүлде қоры 3 000 000 теңгені құрайтын қаржылай сыйлықтарға ие болды.