10.03.2023

АНОНС: 1993 жылғы 14 сәуірдегі «Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы

2023 жылғы 14 сәуірде Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві 1993 жылғы 14 сәуірдегі «Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы» ҚР Заңының қабылданғанына 30 жыл толуына орай «Қазақстандағы ХХ ғасырдың 20-50 жылдарындағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтаудың өзекті мәселелері» атты дөңгелек үстел өткізеді. Дөңгелек үстелдің жұмысына саяси қуғын-сүргін құрбандарын толығымен ақтау жөніндегі Мемлекеттік комиссия мен өңірлік жұмыс топтарының мүшелері қатысады деп күтілуде. Дөңгелек үстелде Қазақстандағы ХХ ғасырдың 20-50 жылдарындағы саяси қуғын-сүргінге қатысты құпия архивтік құжаттарды зерделеу және ғылыми айналымға енгізу, оларды құпиясыздандыру мәселелерін талқылау жоспарланып отыр.

Өткізу түрі: (ZOOM платформасында) офлайн/онлайн. Өтінімдер мен баяндамаларды қабылдау 2023 жылғы 7 сәуірге дейін мына электрондық адрес бойынша жүзеге асырылады: Kultaev.talgat@mail.ru Өтінімде келесі мәліметтерді көрсетуді сұраймыз: Автордың аты-жөні (толық); ғылыми дәрежесі мен атағы, лауазымы; баяндаманың тақырыбы; мекеменің атауы, қаласы, елі; байланыс деректері (e-mail, телефон). Іс-шара бойынша ақпарат алу үшін мына телефондарға хабарласыңыздар: Талғатбек Сейітханұлы Құлтаев (Whatsapp) +7 (777) 178 25 97, Аян Темірбекұлы Жолдасов +7 (702) 145 00 65