25.05.2024

Алматыда әскери қызметшілер Қазақстанның бірінші Қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағамбетовті еске алды

Бүгін Қазақстанның бірінші Қорғаныс министрі, Кеңес Одағының батыры, Халық қаһарманы, армия генералы Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетовтың туған күніне орай батырдың ерлігіне құрмет көрсетілді. С. Нұрмағамбетов өмір сүрген үйдің жанындағы мемориалдық тақтаға әскери қызметшілер гүл шоқтарын қойып, салтанатты маршпен жүріп өтті.

Іс-шараны “Офицерлер одағы” қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды. Оған Алматыдағы әскери оқу орындарының курсанттары қатысып, даңқты батырдың өмір жолынан кезекті рет баға жетпес сабақ алды.