11.11.2022

Алматы қаласы Мемлекеттік архивінің директоры А.Қ. Ботановтың «Ашық қоғамға - ашық Архив» атты архившілердің І халықаралық Конгресі жайлы пікірі

Қазақстанда алғаш рет әлемдік архившілер қауымдастығын біріктірген Конгресс өтті. Іс-шаралар жоғары дәрежеде ұйымдастырылған. Барлық бағыт толық қамтылған және көпвекторлы тәсіл қолданылған. ҚР Президентінің Архиві іскерлік қарым-қатынас үшін ғана емес, тәжірибе алмасу алаңын да құра алды деп ойлаймын. Эмоционалды тұрғыдан алғанда, халықаралық Конгресс рухани әрі қабылдаушы атмосферамен есте қалады. Іс-шараны техникалық ұйымдастыру деңгейі (трансляция сапасы, шетелдік қатысушылардың баяндамаларын ілеспе аудару) таң қалдырды.