28.10.2024
А.А. Громыко атындағы екінші халықаралық ғылыми-сараптамалық форум өтті
2024 жылғы 25-26 қазанда Могилев қаласында (Беларусь Республикасы) А.А. Громыко атындағы II Халықаралық ғылыми-сараптамалық форум өтті. Форумды Ресей мемлекеттік гуманитарлық университеті, Беларусь-Ресей университеті және Ресей Ғылым академиясының Еуропа институты А.А. Громыко атындағы сыртқы саясатты зерттеу қауымдастығы мен Еуропалық зерттеулер қауымдастығының қатысуымен ұйымдастырды.
Форум сыртқы саясат, интеграция және ғылыми-білім беру күн тәртібінің өзекті мәселелеріне арналды, оның қатысушылары Армения, Әзірбайжан, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан университеттері мен ғылыми орталықтарының жетекші сарапшылары болды. Форумға Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві атынан Оқу-әдістемелік орталығының басшысы М.Т. Жылгелдинов «Интеграциялық процестер тұрақты даму факторы ретінде (Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің мысалында)» тақырыбындағы баяндамамен қатысты.