23.01.2023

Құжаттарды мемлекеттік сақтауға алу мәселелері талқыланды


2023 жылдың 20 қаңтарында Қазақстан Республикасы Президенті Архивінде ХХ ғасырдағы саяси қуғын-сүргін құрбандары материалдарын зерделеу орталығының ұйымдастыруымен онлайн-семинар өтті. Семинар ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің арнаулы мемлекеттік архивінен, оның ішінде өңірлік бөлімшелерден құжаттарды Президенттің Архивіне мемлекеттік сақтауға өткізу және қабылдау мәселелері талқыланды.

Семинарда құжаттарды өңдеу, тасымалдау, сондай-ақ мемлекеттік сақтауға өткізіп-қабылдау жөніндегі жұмыстарды тиянақты ұйымдастыру, құжаттарды рәсімдеу сынды жұмыс барысы айтылды.