05.06.2023
Құжатаманы басқару және құжаттарды архивте сақталуы бойынша семинар өтті
2023 жылы 2 маусымда Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві «AMANAT» партиясы» ҚБ оның ведомстволық бағынысты және аумақтық ұйымдарының қызметкерлерімен 2023 жылға арналған бірлескен іс-шара жоспарына сәйкес архив ісі және құжаттаманы басқару тақырыбы бойынша практикалық семинар өтті. Семинарға құжатаманы басқару қызметі басшылары мен ведомстволық архивке жауапты мамандары және «AMANAT» партиясының орталық аппараты ҚБ, «AMANAT» партиясының Қоғамдық саяси институты ЖМ, «AMANAT» партиясының Саяси менеджмент академиясы ЖМ, «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» Жастар қанаты ҚБ қатысты.
Семинарды Архив қорын қалыптастыру қызметінің басшысы Ә.С. Несіпбаев және «AMANAT» партиясының орталық аппараты басшысының орынбасары А.М. Айтхожина ашты. Семинарды Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің архив қорын қалыптастыру қызметінің сарапшылары А.А.Ермағамбетова, Г.Ө.Құдайбергенова, Қ.М.Мурзабекова дәріс оқыды. Сонымен қатар Архивтің қызметкерлері қатысушылардың сұрақтарына өз жұмыс тәжірибелерінен нақты мысалдар келтіре отырып жауап берді.