02.10.2024

Форумның тақырыптық сессиялары

Форум жұмысы екі тақырыптық сессиямен жалғасты. «Өзгермелі климат жағдайындағы архивтеудегі қиындықтарды жеңу» диспут-сессиясында Қазақстан, АҚШ, Үндістан, Қытай, Польша, Германия және Ресей сарапшылары климаттың өзгеруі архив саласына қалай әсер етінін талқылады, жаһандық ауқымда қауіптерді ескерді. Сондай-ақ цифрландыру мен цифрлық резервтік көшірмелерді жасау, сақтау сияқты мәселелерді қарады.

«Мұра институттары және қоғамның тарихи жадын қалыптастыру» дөңгелек үстелінде архив, музей және кітапхана қызметкерлері халықтың өткенін білу арқылы қоғамдық сананы қалыптастыру мәселелерін талқылады.