Жас архившілер кеңесі


2015 жылдың  20-шы ақпанында  Қазақстан Республикасы Президенті Архиві қызметкерлерінің жалпы жиналысы өткізілді, онда Қазақстандағы архив саласын дамытудың өзекті мәселелері, архивистердің ғылыми-зерттеу және жариялау жұмыстары, олардың біліктілігін арттыру, осы салаға жас мамандарды тарту мәселелері қозғалды. Жиналыста Архив жастарын жандандыру, шығармашылық бастамаларын дамыту, қызметтік өсу және  мамандықты танымал етуге жәрдемдесу мақсатында қоғамдық алқалы орган – ҚР Президенті Архивінің Жас  архившілер кеңесін құру бастамасы көтерілді.

Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің Жас архившілер кеңесі (бұдан әрі-ЖАК) ҚР Президенті Архивінде жұмыс істейтін жас қызметкерлер мен архивистердің қызметтік мүдделерін біріктіру мақсатында құрылған қоғамдық орган болып табылады.

ЖАК-тың негізгі мақсаттары мен міндеттері жас архившілердің кәсіби өсуіне жәрдемдесу, "жазғы мектеп", ғылыми-практикалық семинарлар, республикалық және халықаралық конференциялар, семинарлар мен дөңгелек үстелдер ұйымдастыру және өткізу; бірлескен іс-шаралар өткізу, тәжірибе алмасу, түрлі жобаларды іске асыру мақсатында қазақстандық және шетелдік әріптестермен архив саласында байланыс орнату болып табылады. ЖАК архив сайтының жұмысын ұйымдастыруға, оны ақпаратпен толықтыруға көмектесіп,   Жас ғалымдар мен архившілердің қатысуымен мәдени-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге жәрдемдеседі.

ЖАК қызметі оның мүшелерінің еріктілігіне, алқалылығына және тең құқылы қағидаттарына негізделеді. СМА құрамына архивтің жас мамандары және қызығушылық танытқан өзге де мүдделі тұлғалар қатыса алады.