Басшылық

Мұстафина Әлия Құсайынқызы

Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің директоры

+7(727) 2646907

Мұстафина Әлия Құсайынқызы

2022 жылдың 18 ақпанында Мемлекет басшысының Өкімімен Мұстафина Әлия Құсайынқызы Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің директоры болып тағайындалды.

Мұстафина Әлия Құсайынқызы 1981 жылы туған.
Білімі жоғары, А. Байтұрсынұлы атындағы Қостанай мемлекеттік университетін, Еуразиялық гуманитарлық институтын және Қаржы академиясын бітірген.
Еңбек жолы: 2012–2014 жж. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Қызметкерлерді басқару қызметінің бастығы; 2014–2018 жж. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Архив іс және құжаттама департаментінің директоры; 2018–2022 жж. Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің директорының орынбасары болып жұмыс істеген.

Директордың блогы
Шайлазымов Бақытхан Жолдыбайұлы

ҚР Президенті Архиві директорының орынбасары

+7(727) 264-42-63

Шайлазымов Бақытхан Жолдыбайұлы

Қазақстан Республикасы Ұлттық архив қорының түрлі ақпарат тасымалдағыштардағы құжаттарын мемлекеттік сақтауға қабылдау, мемлекеттік есепке алу жұмыстарын ұйымдастырады; Архив құжаттарының ұзақ мерзімді сақталуын қамтамасыз ету, архив құжаттарының физикалық жай-күйін сақтау және жақсарту бойынша алдын алу, консервациялау және реставрациялау жұмыстарын, микроформаларда Мемлекеттік сақтау қорын, цифрлық тасымалдағыштарда пайдалану қорын құру бойынша жұмыстарын ұйымдастырады, Архивтің қаржы-экономикалық және әкімшілік-шаруашылық қызметін, тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды, бюджеттік заңнаманың және мемлекеттік сатып алулар саласындағы заңнаманың сақталуын бақылауды жүзеге асырады; Архив қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз етуді, инженерлік-техникалық коммуникациялардың, күзет және өрт қауіпсіздігі жүйелерінің, кіргізу режимінің тоқтаусыз қызметін жүзеге асырады; объектінің азаматтық қорғаныс бойынша басшысы болып табылады; Архив директоры болмаған жағдайда оның орнын басады.

Архивтік құжаттарды сақтауды қамтамасыз ету, есепке алу және цифрландыру қызметіне, Қаржы, бухгалтерлік есеп және мемлекеттік сатып алу қызметіне, Инженерлік-пайдалану қызметіне жетекшілік етеді.

Әбдіқадырова Жәмилә Үсіпжанқызы

ҚР Президенті Архиві директорының орынбасары

+7(727) 2628864

Әбдіқадырова Жәмилә Үсіпжанқызы

Архивті түрлі тасымалдағыштардағы құжаттармен толықтыру бойынша жұмысты басқарады, толықтыру көздері – мекемелердің құжаттамалық қызметі мен ведомстволық архивтерінің қызметін үйлестіреді және құжаттауды және құжаттарды ведомстволық сақтауды дамыту бойынша бірлескен іс-шаралар жоспарларының орындалуын қамтамасыз етеді; Архивтің толықтыру көздері – ұйымдар мен жеке тұлғалардың тізімін дайындауды, жүргізуді және уәкілетті органмен келісуді қамтамасыз етеді; Қазақстан Республикасы Президентінің жеке архивін қалыптастыруға тәжірибелік көмектесуді және әдістемелік сүйемелдеуді ұйымдастырады; Архивтің толықтыру көздері – ұйымдардың ведомстволық архивтерін паспорттауды және құжаттаудың жай-күйін тексеруді, сараптау-тексеру және әдістемелік комиссияларда архив ісі және іс жүргізу бойынша нормативтік және басқа да құжаттардың дайындалуын және келісілуін жүзеге асырады; Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Бас прокуратурасының арнайы мемлекеттік архивтерінің құжаттарын қабылдау-тапсыру бойынша жұмыстарды, оларды құпиясыздандыру және ғылыми айналымға енгізуді, Қазақстандағы Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау бойынша мемлекеттік комиссияның жұмысын архивтік сүйемелдеуді ұйымдастырады; Әлеуметтік-құқықтық және тақырыптық сұрау салулардың уақтылы және сапалы орындалуын, азаматтардың өтініштерінің қаралуын, Архивтің Оқу залы мен Кітапханасының жұмысын, Қазақстан Республикасы Ұлттық архив қорының құжаттарын Архив өткізетін көрмелер және басқа да шаралар арқылы әйгілеуді қамтамасыз етеді; Архив қорларының құжаттары негізінде дайындалған архивтік анықтамалар мен архивтік үзінді көшірмелерге қол қояды, архив құжаттарының көшірмелерін куәландырады; Архивтің негізгі қызметі бойынша жиынтық жоспарлы-есептік құжаттаманы жүргізуді жүзеге асырады; Архивтің сараптау-тексеру және әдістемелік комиссиясының төрағасы болып табылады. Архив қорын қалыптастыру қызметіне, ХХ ғасырдағы саяси қуғын-сүргін материалдарын зерделеу орталығына, Құжаттарды пайдалануды ұйымдастыру қызметіне жетекшілік етеді

Карибжанова Роза Самидоллиновна

ҚР Президенті Архиві директорының орынбасары

+7(717) 2745859

Карибжанова Роза Самидоллиновна

Архив жұмысын әдіснамалық, ғылыми-ақпараттық және әдістемелік басқаруды жүзеге асырады, отандық құжаттану және архив ісінің өзекті мәселелеріне ғылыми зерттеме жүргізуге басшылық жасайды; стратегиялық даму, зерттеу жұмысы бойынша жоспарлау, ұйымдастыру және әкімшілік басшылықты, ғылыми-зерттеу жобаларының нәтижелілігі мен тиімділігін бақылауды қамтамасыз етеді; Қазақстан Республикасы Ұлттық архив қорының құжаттарын жинақтау, сақтау және пайдалану бағытындағы қолданбалы және зерттеу жобаларының жүзеге асырылуын ұйымдастырады; Архив құжаттарымен ақпараттық-талдау жұмыстарын жүзеге асырады; Қазақстан Республикасының архив ісі және құжаттама саласындағы заңнамасын саралау, оны жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындауды жүзеге асырады; Қазақстан Республикасының, шет мемлекеттердің архив мекемелерімен, халықаралық архив ұйымдарымен байланыс орнатуды, Архивтің ғылыми және білім беру жобаларын жылжыту бойынша әріптестермен әрекеттестікті қамтамасыз етеді; «Жаңа архив» ғылыми, ақпараттық-әдістемелік журналының шығарылуын ұйымдастырады; Архивтің құжаттарды таныстыру және әйгілеу бойынша ақпараттық-имидждік жұмысын, ақпаратқа деген қоғамдық сұранысты, оның ішінде цифрлық платформалар («Интернет» желісі) арқылы бақылау және талдауды ұйымдастырады; Архивтің жоспарлы шараларының уақтылы және сапалы атқарылуын бақылауды жүзеге асырады; Архив веб-сайтын өзектілендіруді және оның контентті толықтырылуын бақылайды. Қолданбалы және ғылыми жобалар орталығына, Оқу-әдістемелік орталығына, Баспасөз қызметіне жетекшілік етеді;