Архив төмендегі қызмет түрлерін жүзеге асырады:
1) Қазақстан Республикасының Президенті мен оның Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың және оларға ведомстволық бағынысты ұйымдардың, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Кеңсесінің, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті кітапханасының, қоғамдық бірлестіктердің, жеке тұлғалардың қызметінде жасалатын, түрлі ақпарат жеткізгіштердегі құжаттарды мекемеге жинақтау;
2) Қазақстан Республикасының Президенті мен оның Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың және оларға ведомстволық бағынысты ұйымдардың, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Кеңсесінің, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті кітапханасының, қоғамдық бірлестіктердің, жеке тұлғалардың қызметінде жасалатын, әртүрлі ақпарат жеткізгіштердегі құжаттарды, сондай-ақ мекемеде сақталатын басқа да құжаттарды тұрақты сақтау және мемлекеттік есепке алу;
3) Қазақстан Республикасының Президенті мен оның Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың және оларға ведомстволық бағынысты ұйымдардың, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Кеңсесінің, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті кітапханасының, қоғамдық бірлестіктердің, жеке тұлғалардың қызметінде жасалатын электрондық құжаттардың ұзақ мерзімді және сенімді сақталуын қамтамасыз ету;
4) архив ісі және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша мекеменің жинақтау көздерінің – ұйымдардың тізімін Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының бекітуіне енгізу;
5) Қазақстан Республикасының Президенті мен оның Әкімшілігінің қызметінде жасалатын құжаттарды архивтік сақтау, құндылығын сараптау, пайдалану және ғылыми айналымға енгізу тәртібін әзірлеу және Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің бастығымен және Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Жалпы бөлімінің меңгерушісімен келісім бойынша бекіту;
6) Қазақстан Республикасының Президенті мен оның Әкімшілігінің қызметінде жасалатын, мекемеге сақтауға берілуге тиіс құжаттардың тізбесін әзірлеу және Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің бастығымен және Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Жалпы бөлімінің меңгерушісімен келісім бойынша бекіту;
7) Қазақстан Республикасы Президентінің жеке архивін жинақтау, есепке алу, жүйелеу, толықтыру, сақтауды қамтамасыз ету;
8) архивтік құжаттардың толық сақталуын қамтамасыз ететін, олардың бұзылудан, бүлінуден, ұрланудан қорғалуына кепілдік беретін сақтаудың ұтымды жүйесін және жағдайларын жасау;
9) архивтік құжаттардың физикалық жай-күйін сақтау және жақсарту бойынша профилактикалық, консервациялық және реставрациялық жұмыстар жүргізу;
10) құжаттардың Мемлекеттік сақтандыру қорын және архивтік құжаттарды пайдалану қорын құру үшін құжаттарды анықтау, іріктеу, оларды сақтау мен есепке алуды ұйымдастыру;
11) архивтік құжаттар көшірмелерінің микрофильмдерін, микрофишаларын және басқа да микронысандарын жасау;
12) архивтік құжаттарды дәстүрліден цифрлық жеткізгіштерге аудару;
13) мекемеде істердің бар-жоғына тексеру жүргізу, тарих пен мәдениеттің құжаттық ескерткіштерін анықтау;
14) мекеменің архивтік құжаттарының құрамы мен мазмұны туралы мемлекеттік есепке алуды және дерекқорды жүргізу, архив қорларына арнап ғылыми-анықтамалық аппаратты, ақпараттық-іздестіру жүйелерін, оның ішінде автоматтандырылған жүйелерді әзірлеу және дамыту;
15) цифрлық архивтік технологиялар мен электрондық архивтердің ақпараттық жүйелерін енгізу, дамыту және пайдалану;
16) архивтану және құжаттану саласындағы ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру бойынша мемлекеттік және ведомстволық архивтермен, мекеменің жинақтау көздерінің – ұйымдардың құжаттама қызметтерімен өзара іс-қимыл жасау;
17) мекеменің жинақтау көздерінің – ұйымдардың құжаттамалық қызметтері мен ведомстволық архивтерінің қызметін үйлестіру, мекеменің жинақтау көздерінің – ұйымдардың ведомстволық архивтеріне әдістемелік және практикалық көмек көрсете отырып, олардың құжаттандыру жағдайын және жұмысын зерттеп-қарау;
18) мекеменің жинақтау көздерінің – ұйымдардың ведомстволық архивтерінің қызметін электрондық архивтердің ақпараттық жүйелерімен жұмыс бойынша үйлестіру;
19) мекеменің жинақтау көздерінің – ұйымдардың ведомстволық архивтерін паспорттау;
20) мекеменің жинақтау көздерінің – ұйымдардың құжаттарын тұрақты мемлекеттік сақтауға іріктеу нәтижелерін бекіту;
21) сақтау мерзімдерін көрсете отырып, мекеменің жинақтау көздерінің – ұйымдардың қызметінде жасалатын істер номенклатураларын, салалық және үлгілік құжаттар тізбелерін келісу; семинарлар өткізу, құжаттама және архивтер ведомстволық қызметтерінің қызметкерлерін даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға қатысу;
22) архив ісін дамыту және құжаттаманы басқару, электрондық құжат айналымы және электрондық архивтер мәселелері бойынша ұсыныстар енгізу;
23) архив ісі және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету саласындағы нормативтік және әдістемелік құжаттарды, мемлекеттік стандарттарды әзірлеуге және жетілдіруге қатысу;
24) архивтану, құжаттану, археография және деректану саласында ғылыми-зерттеу және әдістемелік жұмыстар жүргізу; ғылыми конференциялар ұйымдастыру мен өткізу, Қазақстан тарихы бойынша зерттеулерге қатысу;
25) республиканың және шет мемлекеттердің архивтерінен, кітапханалары мен ғылыми ұйымдарынан, сондай-ақ жеке архивтер мен коллекциялардан Қазақстан тарихы бойынша құжаттарды, қолжазбаларды анықтау;
26) ретроспективті құжаттық ақпаратқа қоғамдық қажеттіліктерді зерделеу, архивтік құжаттарды жан-жақты пайдалануды ұйымдастыру, тақырыптық және әлеуметтік-құқықтық сұратуларды орындау, ғылыми жариялау және құжаттар жинағын басып шығару, радио-, телебағдарламалар, құжаттық көрмелер өткізу;
27) түрлі санаттағы келушілер үшін экскурсиялар, лекциялар, семинарлар және басқа да іс-шаралар өткізу;
28) мекеменің ғылыми-зерттеу, әдістемелік және реставрациялық қызметінің нәтижелерін насихаттау және тарату;
29) тиісті ғылыми-зерттеу, ғылыми-әдістемелік, сараптамалық-талдау және публицистикалық әдебиетті, оның ішінде каталогтарды, жолсілтемелерді, анықтамалықтарды, альбомдарды, ғылыми жұмыстар жинақтарын әзірлеуді, басып шығаруды, таратуды, сараптауды қоса алғанда, Қазақстан тарихы бойынша деректі материалдарды жазып-көрсету және танымал ету бойынша ақпараттық-имидждік жұмысты ұйымдастыру;
30) мекеменің құжаттарымен ақпараттық-талдау жұмысы;
31) "Мемлекеттік құпиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құжаттарды құпиясыздандыру, сондай-ақ мемлекеттік және қызметтік құпияны қамтитын құжаттармен жұмыс істеуде құпиялылық режимін сақтау;
32) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік ғылыми бағдарламаларды, жобаларды іске асыруға, сондай-ақ гранттар алу жөніндегі қызметке қатысу;
33) мемлекеттік және ведомстволық архивтер архившілерінің кәсіптік біліктілігін арттыру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру;
34) архив ісі және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету саласында кәсіби кадрларды даярлау және олардың біліктілігін арттыру, дуалды білім беру мәселелері бойынша жоғары оқу орындарымен өзара іс-қимыл жасау;
35) мекеме қызметінің бейіні бойынша шетелдік және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық жасау;
36) заңнамада белгіленген тәртіппен заңды және жеке тұлғаларға ақылы қызметтер көрсету.