«Саяси қуғын-сүргін тарихы Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің құжаттарында» құжаттар мен материалдар көрмесі
2023 жылғы 31 мамырда ҚР Президентінің Архивінде саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған құжаттық көрме өтті. Көрменің мақсаты – ҚР Президенті Архивіне өткізілген ҚР ІІМ, ҰҚК, Бас прокуратурасының арнайы архивтерінің құжаттары мен материалдарын көрсете отырып, ХХ ғасырдың 30-50 жылдардағы саяси қуғын-сүргін тарихын жұртшылыққа жеткізу.Жаппай қуғын-сүргін сотпен және соттан тыс, саяси және бейсаяси, ұжымдық және жеке сияқты әр түрлі нысанда жүргізілді, одан кеңестік қоғамның әртүрлі әлеуметтік және этникалық топтары зардап шекті. Қуғын-сүргін бірінші кезекте Алаш қозғалысының жетекшілері мен белсенді қатысушыларын, қолдаушыларын, байлар, сұлтандар, болыс билеушілерін және дін өкілдерін шарпыды.
Қуғын-сүргін шыңы көптеген партия, кеңес және комсомол қызметкерлері мен қарапайым азаматтарды қамтыған 1937–1938 жылдар болды.
1930 жылдардың екінші жартысы КСРО шекаралас аумақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шаралармен байланысты күштеп жер аудару науқандарын жүргізумен сипатталады.
Көрменің экспонаттары өткен ғасырдың 30-50-ші жылдарындағы қуғын-сүргінге қатысты қасіретті оқиғалар тарихын жан-жақты ашып көрсетеді.
Архив деректерінің негізгі құрамы – КСРО ІІХК, МҚБ Қазақстан бойынша БМСБ Өкілетті Өкілдігі жанындағы Үштіктің хаттамалары мен үкімдері, арнайы бөлімінің ату туралы үкімдерді орындау бойынша анықтамалары, Қазақстанға жер аударылған түрлі ұлт өкілдерінің жеке істерінен алынған құжаттар.
Көрме 5 бөлімнен тұрады.
1-ші бөлім «Алаш арыстары» деп аталады. Мұнда Алашорда қозғалысы көшбасшылары мен жетекшілерінің тергеу істері қойылды.
Тарауға сондай-ақ қазақ мемлекет, саяси және қоғам қайраткері, ұстаз, журналист және этнограф, «Алаш» партиясын құрушы және көшбасшыларының бірі, Алашорда үкіметінің 1917–1920 жж. Төрағасы Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхановтың (1866–1937) суреті, тінту және қамауға алу ордері. КСРО Жоғарғы Соты Әскери Алқасының 1937 жылы 27 қыркүйекте Мәскеуде өткен жабық сот отырысының Ә. Бөкейхановты ең жоғары жаза – атуға үкімі, КСРО ІІХК арнайы бөлімінің ату туралы үкімін орындау туралы анықтамасы;
Қазақ ағартушысы, педагог, публицист, аудармашы, ғалым-тюрколог, лингвист және саяси қайраткер, Алаш қозғалысы жетекшілерінің, белсенді қайраткерлерінің бірі Ахмет Байтұрсыновтың (1872–1937) суреті [1937 г.], А. Байтұрсыновтың саусақтары іздерінің 1937 ж. 29 тамызда жасалған дактилоскопикалық картасы. ІІХК Үштігі Алматы облыстық басқармасы отырысының А. Байтұрсыновты ату жазасына кесу үкімі туралы 1937 ж. 25 қарашадағы хаттамасынан үзінді.
2-ші бөлім «Қуғындалған саяси қайраткерлер». Көрмеде С. Сейфуллин, Т. Жүргенов, С. Аспандияров және оның әйелі Р. Аспандияроваға қатысты қамауға алынғандардың сауалнамалары, айыптау қорытындылары, хаттамалардан үзінді көшірмелер, қамауға алу ордерлері, заттарды тәркілеу туралы актілер, ату туралы үкімдерді орындау туралы анықтамалар, фотосуреттер ұсынылды.
3-ші бөлім «Әулет қасіреті». Мұнда Ш. Құдайбердиевтің және оның ұлы А. Құдайбердиевтің құжаттары: бұлтартпау шарасын таңдау және айып тағу туралы қаулы, тергеу хаттамасынан үзінді көшірмесі топтастырылды.
4-ші бөлім «Депортация тарихынан». Бөлімге әкімшілік және саяси жер аударылған немістердің, поляктардың, қалмықтардың және т. б. қылмыстық істері мен жеке істерінен алынған бұлтартпау шарасын қолдану, тінту материалдарын анықтау туралы қаулылары, елде тұруға ықтиярхаттары мен рұқсат қағаздары, арнайы қоныс аударушыларды есепке алу және есептен шығару құжаттары ұсынылған.
5-шы бөлім «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау». Бөлімге қуғын-сүргінге ұшыраған азаматтардың әйелдерінің, ұрпақтарының әр түрлі деңгейдегі ұйымдарға жазған хаттары мен үндеулері, тәркіленген мүліктерінің құнын өтеу туралы актілер, өлім фактілерін тіркеу туралы анықтамалар, т б. құжаттардың көшірмелері іріктелді.
Көрмеге қойылған құжаттар Құпия құжаттарды құпиясыздандыру жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2023 жылғы мамырдағы шешімімен құпиясыздандырылды.
2
КСРО ІІХК ҚББ
Ә. Бөкейхановты тұтқындауға және тінту жүргізуге ордері, Москва қ.. 1937 ж. 26 шілде.
ҚР ПА 352-қ., 2/1 т., 12308 іс.@
3
КСРО Жоғарғы Соты Әскери Алқасының Ә. Бөкейхановты ең жоғары жаза – атуға үкімі,
Москва қ. 1937 ж. 27 қыркүйек.
ҚР ПА 352-қ., 2/1 т., 12308 іс.
6
ІІХК Үштігі Алматы облыстық басқармасы отырысының А.Байтұрсыновты ату жазасына кесу үкімі туралы хаттамасынан үзінді. 1937 ж. 25 қараша.
ҚР ПА 352-қ., 2/1 т., 9797 іс.
9
С. Асфендияровты ең ауыр жазаға тарту туралы үкімнің орындалуы туралы анықтама. 1938 ж. 25 ақпан.
ҚР ПА 352-қ., 2/1 т., 6402 іс.
11
КСРО ІІХК жанындағы ЕС Р. Асфендияров Отанын сатқандар отбасының мүшесі ретінде 5 жылға ЕТЛ-ге қамау туралы хаттамасынан үзінді. 1938 ж. 21 шілде. ҚР ПА 352-қ., 2/1 т., 6390 іс.
13
Қазақ КСР ІІХК МҚБ-ң «КСРО Жоғарғы Соты Әскери Алқасының Көшпелі сессиясы шешімімен сотталған отанын сатқан С. Сейфуллиннің отбасы» туралы анықтамасы. 1938 ж. 17 наурыз.
ҚР ПА. 352-қ., 2/1 т., 4519 іс.
15
Тұтқындалған Т. Жүргеновтен алынған әдебиеттерді жою актісі. 1937 ж. 29 қазан.
ҚР ПА. 352-қ., 2/1 т., 4312 іс.
16
ІІХК Оңтүстік Қазақстан облыстық басқармасы А. Құдайбердиевке бұлтартпау шарасын қолдану туралы қаулысы,
Шымкент қ. 1937 ж. 15 қазан.
ҚР ПА. 352-қ., 1 т. (ОҚО), 1140 іс.
17
ІІХК Үштігі Оңтүстік Қазақстан бойынша басқармасының А. Құдайбердиевті концлагерге 10 жылға қамау туралы хаттамасынан үзінді,
Шымкент қ. 1937 ж. 28 қараша.
ҚР ПА 352-қ., 1 т. (ОҚО), 1140 іс.
18
А. Құдайбердиевтың КСРО Жоғарғы прокуроры А. Вышинскийге тергеу амалдарының дұрыс еместігі туралы шағымы. 1938 ж. 27 мамыр.
ҚР ПА. 352-қ., 1 т. (ОҚО), 1140 іс.
19
ҚазКСР МҚМ Басқармасының Г.В. Детцельді тінту материалдарын анықтау туралы қаулысы.1949 ж. 4 қараша.
ҚР ПА 404-қ., 2/1 т., 124 іс.
20
ІІХК Саратов өлкелік басқармасының діни қызметкер П.И. Покровскийге контрреволюциялық үгіт жүргізгені үшін бұлтартпау шарасын қолдану туралы қаулысы. 1936 ж. қазан.
ҚР ПА. 404-қ., 2/1 т., 1114 іс.
21
Әкімшілік жер аударылған П.И. Покровскийдің БК(б)П Бас хатшысы И. В. Сталинге кеңес үкіметінің шіркеу мен дінге қарсы қуғындауы туралы арандатушылық сөз таратқаны үшін болған істі қайта қарау туралы өтініші.1937 ж. 21 сәуір.
ҚР ПА 404-қ., 2/1 т., 1114 іс.
22
Алиш Рустампурдың қызы Гюльдостқа (Парсы азаматы) арналған елде тұруға рұқсат қағазы.
1934 ж. 27 қараша.
ҚР ПА. 404-қ., 2/1 т., 1875 іс.
23
Алиш қызы Гюльдостың КСРО ОАК Төралқасына елде тұруға ыхтиярхаты.
1934 ж. ақпан.
ҚР ПА. 404-қ., 1/2 т., 1875 іс.
24
КСРО Министрлер Кеңесі жанындағы Гидрометеоқызмет ББ-ң КСРО ішкі істер министрі С. Н. Кругловқа арнайы қоныс аударылған қалмақ инженер-океанолог Х.К. Улановты есептен алу туралы хаты. 1946 ж. 26 маусым.
ҚР ПА. 20-қ., 1 т., 3886 іс.
25
З. Жұмабаеваның ҚазКСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасына қуғындалған жұбайы туралы мәліметтер алу туралы өтініші. 1957 ж. 17 наурыз.
ҚР ПА Ф.352. Оп.2/1. Д.7875.
26
М. Сахноның ҚазКСР МҚК Төрағасы А. Вдовинге ақталған әкесі Ж. Аймауытов туралы материалдармен танысу туралы өтініші.
1990 ж. 31 мамыр.
ҚР ПА 352-қ., 2/1 т., 350 іс.
27
Сәкен Сейфуллиннің жұбайы Гүлбарам Сейфуллинадан КСРО Министрлер Кеңесінің төрағасы Булганин Николай Алксандровичке жазған мәлімдемесі.
ҚР ПА. 352-қ., 2/1 т., 4519 іс.