«Ашық қоғамға – ашық Архив» атты Қазақстан архившілерінің I Конгресі

Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві 2022 жылғы 19–21 қазанда халықаралық мамандардың қатысуымен «Ашық қоғамға – ашық Архив» атты архившілердің І Конгресін өткізді.

       Шараның мақсаты – кәсіби қоғамдастықтың өзара әрекеттестігі мен конструктивті сұхбаттасуы үшін тұрақты әрекет ететін халықаралық сұхбат алаңын құру, тарихи-мәдени, құжаттық мұраны сақтаудың өзекті мәселелері бойынша ұсыныстарды, шешімдерді талқылау және қабылдау, архивтерді дамытудың инновациялық жолдарын қалыптастыру, жобаларды жүзеге асыру және үздік архивтік тәжірибелерді тарату.

         «Ашық қоғамға – ашық Архив» атты архившілердің І Конгресі Қазақстан мүшесі болып табылатын Халықаралық архивтер кеңесінің қолдауымен өтті. Архившілердің келесі Конгресі 2024 жылға жоспарланған.

         Шара туралы толық ақпарат Конгрестің сайтында орналастырылды: http://arhivisterkongresi.kz.