17.04.2024

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін орындау бойынша оқу өтті

2024 жылғы 16 сәуірде ҚР Президентінің Архивінде Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Алматы облысы бойынша басқармасы архив қызметкерлеріне жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдау, өңдеу және орындау жұмыстарын жетілдіру бойынша оқыту ұйымдастырылды. Оқу барысында Алматы қаласы бойынша Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі департаменті басқармасының аға прокуроры Т.А. Әубәкіров Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің қағидаларындағы жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін заңнамалық нормаларға сәйкес орындау туралы баяндама жасады. «Е-өтініш» жүйесінде тіркелген өтініштердің түрлері бойынша заңнамаға сәйкес олардың орындалу мерзіміне ерекше көңіл аударды. ҚР Президенті Архивінің қызметкерлері өтініштерді орындау барысында туындаған мәселелерді айтып, сұрақтарына жауап ала алды.